Қазақстандық режиссер Франциядағы халықаралық кино фестивальден шақырту алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық режиссер Франциядағы халықаралық кино фестивальден шақырту алды

Қазақстандық режиссер Франциядағы халықаралық кино фестивальден шақырту алды

Францияның "Субе Синема" прокаттық компаниясы режиссер, сценарист Жәнібек Жетіруды 24 қарашада Нант қаласында өтетін халықаралық фестивальге шақырып жатыр.

  • 4 Шiлде 2011
  • 532
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін олар оның «Дүниежарық» көркем фильмін 2008 жылы Канны фестиваліне арнайы шақырған болатын.

«Нант фестивалі аясында біздің киножобаларымыз талқыланады. Егер оларға ұнаса келесі жылы сценарийді өндіріске жібереді. Солардың сұранысы бойынша 23 тамызға дейін 1 сценарий жазып жіберуім керек», — дейді Жәнібек Жетіру. Осы уақытқа дейін 40-тан астам деректі және «Дүниежарық», «Аққыз» деп аталатын толық метражды 2 көркем фильмнің авторы атанған ол қазір аталмыщ фестивальге екі сценарийді жобалап жатқан көрінеді.

«Біріншісі — қалаға келіп сіңісе алмай ауылға қайтатын жастың өмірі туралы. Екіншісі — ауылдағы әйелдің тағдыры туралы. Жалпы бізде әйелдің тағдыры туралы фильм жоқ. Мұнда ананың тағдыры, қасіреті, қуанышы, оның өмірдегі рөлі, анаға және жалпы әйел затына деген қоғамдағы көзқарас талқыланады. Францияға осы екеуінің бірін жіберем», — дейді Ж. Жетіру.

Соңғы жаңалықтар