Жарияланды: 100

Қазақстандық жаңа фильм "Оскар" сыйлығын алуы мүмкін

Қазақстандық жаңа фильм "Оскар" сыйлығын алуы мүмкін

 

Режиссер Әділхан Ержановтың "Желтая кошка" картинасы "Шет тіліндегі үздік фильм" номинациясында "Оскар" киножүлдесіне ұсынылды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Фильм қазақстандық "Бонни мен Клайд" оқиғасын баяндайды. Туынды қылмыс әлеміндегі жас жігіт Кермек пен Еваның махаббаты жайында, кездестірген қиындықтары мен дұшпандары хақында.

Кермектің рөлін ресейлік актер Азамат Нигманов ойнады, оны көрермен Алексей Мизгиревтің "Конвой" және Андрей Шальопаның " 28 панфиловцев" фильмдерінен жақсы таниды.

Еваның рөлін қазақстандық жас актриса Камила Нұғманова ойнады, ол бұрын Нариман Төребаевтың "Грязь большого города" және Әлішер Сүлейменовтың "Облако на крыше" фильмдеріне түскен.

Қылмыс әлемінің серкесі Жамбастың рөлінде қазақстандық актер Санжар Мәдиев ойнады.

Оскар номинанттары тізімін жариялау 2022 жылдың 8 ақпанында, ал марапаттау рәсімі 2022 жылдың 27 наурызында өтеді деп жоспарланған.

Дайана Тоқберген

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін