Жарияланды: 660

Қазақстандық жас әнші Мустафа Сандалмен дуэт айтпақ

Қазақстандық жас әнші Мустафа Сандалмен дуэт айтпақ

Жас әнші Нұрбек Іздібай түріктің атақты әншісі Мустафа Сандалмен бірігіп ән жазу үшін ұсыныс жасады.

Әнші бұл туралы Хит тв арнасына сұхбат берген болатын. Мустафа Сандалдың өкілдері бұл ұсынысқа қарсы емес екендіктерін жеткізді. 
Бірінші талап - жақсы ән. Нұрбек қазіргі кезде әсем әнді іздеу үстінде. Мустафа қазақ әншісінің ұсынысын кері қайтармаған, тек ән таңдалған соң ғана келісімшартқа қол қоятынын жеткізген. Енді жас өнерпаз Түрік еліне сапарға дайындалып жүр. Тіпті, қазақстандық әнші түріктің танымал әншісімен жазылған әнге бейнебаян түсіруді көздеп отыр, деп жазады baistars.kz.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін