Caravan Logo

Қазақстандық жас әнші Мустафа Сандалмен дуэт айтпақ

Қазақстандық жас әнші Мустафа Сандалмен дуэт айтпақ


Әнші бұл туралы Хит тв арнасына сұхбат берген болатын. Мустафа Сандалдың өкілдері бұл ұсынысқа қарсы емес екендіктерін жеткізді. 
Бірінші талап - жақсы ән. Нұрбек қазіргі кезде әсем әнді іздеу үстінде. Мустафа қазақ әншісінің ұсынысын кері қайтармаған, тек ән таңдалған соң ғана келісімшартқа қол қоятынын жеткізген. Енді жас өнерпаз Түрік еліне сапарға дайындалып жүр. Тіпті, қазақстандық әнші түріктің танымал әншісімен жазылған әнге бейнебаян түсіруді көздеп отыр, деп жазады baistars.kz.