Қазақстанның бірқатар қалаларында кәріс киносы фестивалі өтеді
![]() |
10 қазан күні Қазақстанда Корея киносының жыл сайынғы фестивалі басталады. Ол Астана, Қарағанды, Қостанай және Шымкент қалаларын қамтиды. |
Фестиваль Қазақстандағы кәріс мәдениеті айлығының аясында өтеді. Оның ұйымдастырушысы - Корея Республикасы Елшілігінің Корея ұлттық орталығы. Шара бағдарламасында Кореяның «Норым Мачи» тобының «Астана Опера» театрында және Мемлекеттік республикалық музыкалық комедия кәріс театрындағы концерті, Корея Республикасы Елшісінің Кубогы үшін балалар арасында таеквандодан турнирі, Корея мәдени орталығында «Жизель» балетінің бейнекөрсетілімі және т.б. қамтылған.
Биылғы жылы кинофестивальде кәріс кинематографының 4 фильмі көрсетіледі.
Атап айтқанда, көрермендер «Оушеннің 12 досы» америкалық фильмінің сарынымен түсірілген «Ұрылар» картинасын, «Адам өлтірушінің мойындауы», «Дуресори: Шығыс дауысы» музыкалық драмасын, «Менің зайыбым туралы» романтикалық комедиясын тамашалай алады.
Кинофильмдердің алғашқы көрсетілімдері Астана қаласында 10-11 қазан күндері «Kinopark 7» кинотеатрында («Керуен» СОСО) өтеді.
Қарағандыда фестиваль 16-17 қазан күндері «Kinoplexx 3D (К)» кинотеатрында («City Mall» СОСО) болады.
Қостанайда кәріс фильмдері 31 қазан мен 1 қараша күндері «Казахстан 3D» кинотеатрында көрсетіледі.
Фестиваль Шымкенттегі көрсетілімдерімен аяқталады. Олар 7-8 қараша күндері «Kinopark 5» кинотеатрында («MEGA-Shymkent» СОСО) өтеді.
Кіру тегін.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін