Жарияланды: 600

Қазақстанның мәдениет күндері Монғолияда өтті

Астана. 8 қазан. "Қазақстан Бүгін" - 2-5 қазан аралығында Моңғолияда Қазақстанның мәдениет күндері өтті. Ұлан-Батыр қаласында өткен мәдениет күндеріне Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед қатысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі мекеменің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған мәдениет күндерінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, 3 қазан күні Моңғолия жұртшылығына, соның ішінде ұлты қазақ қандастарымызға халқымыздың бай тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлер қойылған "Ұлы даланың асыл мұрасы" атты көрме ұйымдастырылды. Бұл көрменің негізгі мақсаты жұртшылықты Қазақстанның алтын қазынасының "жауһарларымен" көне дәуірден бүгінге дейін жеткен зергерлік өнерінің теңдесіз туындыларымен таныстыру болып табылды. Сонымен қатар, Елорда туралы мол мағлұматтар қамтылған "Астана" фотокөрмесі өткізілді. 2-5 қазанда қазақ режиссерлерінің бірегей туындылары - V Халықаралық "Еуразия" кинофестивалінің Гран-при иегері "Қош бол, Гүлсары!", "Кек", "Дүниежарық", "Мұстафа Шоқай", "Құрақ көрпе" фильмдері қалың көпшіліктің назарына ұсынылды. Ал, 3 қазан күні Ұлан-Батыр қаласының Орталық мәдениет сарайында еліміздің белгілі өнер шеберлерінің орындауында үлкен концерт өтеді. Концерте Б.Төлегенова, "Ақ жауын" халық аспаптар камералық оркестрі, "Ұлытау" тобы, "Гүлдер" мемлекеттік ансамблі, А. Жорабаева, А. Балажанова, М. Шалабаев, М. Қазтуғанова сынды халқымыздың маңдай алды әртістері өз өнерлерін көрсетті. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін