Қазақстанның мұражай қорында 2,5 млн. мұрағат жинақталған
Қазақстанның мұражай қорында 2 млн. 407,6 мың мұрағат жинақталған, оның 166 мыңы , немесе 6,9 проценті ауылдық жерлердегі мұражайларда сақтаулы. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады. |
2004-жылдың басындағы жағдаймен 53,5 мың мұрағатты қайта жаңғырту талабы туындады.
Агенттік мәліметі бойынша, республика аумағында 143 мұражай бар, олардың 139-ы мемлекеттік, 4-і жеке меншік нысандар. Ауылдық жерлерде 52 мұражай, немесе, жалпы мұражайлар санының 36,4 проценті орналасқан. 2003-жылы мұражайларға келушілер саны 3,8 млн. адамды құрады, олардың 3,5 млн-ы қазақстандықтар болды.
Қазақстанда 2,8 мың мұражай қызметкері бар.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін