«Қазақтар ақылды болып шықты». Татар қайраткері Рабит Батулла қазақтар туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақтар ақылды болып шықты». Татар қайраткері Рабит Батулла қазақтар туралы айтты

«Қазақтар ақылды болып шықты». Татар қайраткері Рабит Батулла қазақтар туралы айтты

Рабит Батулла татар мәдениетіндегі ерекше және көрнекті тұлға. Көптеген ертегілердің авторы, Құранды тәржімалаған, актер, режиссер, тележүргізуші. Көптеген өзекті мәселелерге өзіндік көзқарасы бар тұлға.

  • 13 Маусым 2022
  • 548
Фото - Caravan.kz


84 жастағы қаламгер «Татар-информ» агенттігіне берген сұхбатында қазақтардың даналығы туралы айтты, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

«Сонымен, біз қызғаныш тақырыбына келдік. Мен көреалмаушылықты дүниедегі ең жаман ауру деп есептеймін. Киелі кітапта жазылғандай, Адам ата мен Хауа ананың ұлы Қабыл қызғаныштан туған ағасы Әбілді өлтірді. Күншілдіктің кесірінен татарлар мен башқұрттар араздасып өмір сүріп келеді. Олар жазушылар мен ақындарды баяғыда о дүниелік болса да, бөлісе алмай келеді. Мұстай Кәрім башқұрт тілінде жазған, бірақ оның ата-анасы татарлар. Татар жазушыларының башқұрттарға қызмет еткеніне қайта қуану керек. Тұқайдың өлеңдерін оқи отырып, көптеген ұлттар – өзбектер, әзірбайжандар, қырым татарлары өз ақындары деп ойлады, өйткені жазу таңбасы бірдей, сөзі де түсінікті. Мейлі ойлай берсін. Ешкім бұдан жаман болмайды. Ұлты татар Ақмолла ақынды енді башқұрттар, қазақтар, татарлар өздеріне иемденгісі келеді. Өгей әкесі башқұрт болған, шығармашылығының басым бөлігі қазақтарға арналған. Осындай айтыс-тартыста қазақтар ақылды болып шықты, Ақмолланың екі халыққа ортақ ақын екенін мойындады. Оны тек башқұрт ақыны деп айту қате. Бүкіл түркі халықтарының ақыны деп танысақ жақсы болар еді», деді қаламгер.

Соңғы жаңалықтар