Жарияланды: 620

Қостанай өңірі ақын Ақылбек Шаяхметтің 60 жасқа толуын атап өтеді

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты,

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Медиа орталығының директоры Ақылбек Қожаұлы Шаяхметтің 60 жасқа толуына орай мәдени шаралар өтетіні жоспарлануда. Атап айтқанда, 16 маусым күні, (сағат 18-00) Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрында Ақылбек Шаяхметтің «Шоқанның шері» атты қойылымы көрсетіледі. 17 маусым күні (сағат 15-00) Лев Толстой атындағы облыстық кітапханада Ақылбек Шаяхметтің Астанадағы «Фолиант» баспасынан жарық көрген жаңа кітаптарының таныстырылымы өтеді. Сонымен қатар жұма күні (сағат 16-00) Максим Горький атындағы орыс драма театрында ақын Ақылбек Шаяхметтің 60 жасқа толуына арналған әдеби-музыкалық шығармашылық кеш өтетіні көзделуде. Осы шараға Астана мен Алматы қаласынан, сондай-ақ еліміздің бірқатар өңірінен арнайы ақын-жазушылар қатысады. Айта кету керек, А. Шаяхмет 1951 жылы Қостанай облысының Жітіқара ауданында туып-өскен. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің түлегі, Мәскеудің Әдебиет институтын бітірген. Көптеген жыр кітаптардың, прозалық және драмалық шығармалардың авторы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін