Қостанай өңірі ақын Ақылбек Шаяхметтің 60 жасқа толуын атап өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай өңірі ақын Ақылбек Шаяхметтің 60 жасқа толуын атап өтеді

Қостанай өңірі ақын Ақылбек Шаяхметтің 60 жасқа толуын атап өтеді

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты,

  • 15 Маусым 2011
  • 615
Фото - Caravan.kz

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Медиа орталығының директоры Ақылбек Қожаұлы Шаяхметтің 60 жасқа толуына орай мәдени шаралар өтетіні жоспарлануда.

Атап айтқанда, 16 маусым күні, (сағат 18-00) Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрында Ақылбек Шаяхметтің «Шоқанның шері» атты қойылымы көрсетіледі.

17 маусым күні (сағат 15-00) Лев Толстой атындағы облыстық кітапханада Ақылбек Шаяхметтің Астанадағы «Фолиант» баспасынан жарық көрген жаңа кітаптарының таныстырылымы өтеді.

Сонымен қатар жұма күні (сағат 16-00) Максим Горький атындағы орыс драма театрында ақын Ақылбек Шаяхметтің 60 жасқа толуына арналған әдеби-музыкалық шығармашылық кеш өтетіні көзделуде.

Осы шараға Астана мен Алматы қаласынан, сондай-ақ еліміздің бірқатар өңірінен арнайы ақын-жазушылар қатысады.

Айта кету керек, А. Шаяхмет 1951 жылы Қостанай облысының Жітіқара ауданында туып-өскен. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің түлегі, Мәскеудің Әдебиет институтын бітірген. Көптеген жыр кітаптардың, прозалық және драмалық шығармалардың авторы.

Соңғы жаңалықтар