Қостанайлық ақынның бірнеше кітаптары оқырмандарға таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайлық ақынның бірнеше кітаптары оқырмандарға таныстырылды

Қостанайлық ақынның бірнеше кітаптары оқырмандарға таныстырылды

Бүгін Лев Толстой атындағы облыстық кітапханада ақын Ақылбек Шаяхметтің Астанадағы «Фолиант» және Қостанай қаласындағы баспалардан жарық көрген жаңа кітаптарының таныстырылымы өтті. Бұл басқосу «Арқаның арқалы ақыны» деген атаумен өтті.

  • 17 Маусым 2011
  • 684
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, ислам дінінің құндылықтары туралы өлеңмен жазылған «Мінәжат», драматургиялық шығармалары топтастырылған «Ақсұлу» сондай-ақ «Көңіл жүйрік», «Бақыт» поэзиялық, «Тайбағар» прозалық жинақтары оқырман қауымға таныстырылды.

Сонымен бірге орыс тілінде жарық көріп отырған «Гуси-лебеди летят» туындысы да оқырман назарына ұсынылды. Қостанайлық шығармашылық топ шығарған А.Шаяхметтің өзі туралы жазылған өлеңдер мен мақалалар «Ақын асқан алпыс асу» жинағына енген.

Кітапхананың тұрақты оқырмандары алдында Тұрсынбек Кәкішев, Нұрғожа Ораз, Қалқаман Жақып, Сейфолла Шайынғазы, Абдрахман Досов, Анатолий Тарасенко, Айбатыр Сейтақ, Жәди Шәкен сынды ғалым, ақын, жазушылар сөз сөйледі.

Осы кешті ұйымдастырған кітапхананың директоры Гүлжамария Қазина Ақылбек Шаяхметтің шығармаларын оқырмандарға уақытылы таныстырып отыратынын жеткізді.

Сонымен қатар бүгін Максим Горький атындағы орыс драма театрында ақын Ақылбек Шаяхметтің 60 жасқа толуына арналған әдеби-музыкалық шығармашылық кеш өтеді.

Ақынның 60 жасқа толған мерейтойы, ертең, 18 маусым күні, туған жері Жітіқара ауданында жалғасын табады.

Соңғы жаңалықтар