Жарияланды: 650

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі журналистер арасында байқау жариялайды

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігі журналистер арасында Қазақстан Республикасындағы бәсекелестік саясат мәселелері туралы жазылған ең үздік шығармаға «Бәсекелестік-БАҚ-2011» атты байқау жариялайды.

Бәсекелестік мәселесіне қатысты байқау бұқаралық ақпарат құралдары арасында алғаш рет ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Байқауды ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі ұйымдастырады. Байқауға республикалық және облыстық БАҚ-дың, интернет-порталдардың редакциялары, ақпараттық агенттік сайттары, сондай-ақ жекелеген авторлар, журналистер қатыса алады. Байқауға 2011 жылдың қаңтар-тамыз айларында баспасөзде жарияланған мақалалар, радио мен теледидардан шығарылған аудио және бейнематериалдар, сондай-ақ ақпарат агенттіктерінің таспаларында шыққан материалдар қабылданады. Байқау 4 аталым бойынша өтеді: -«Телевидениедегі ең үздік бейнематериал»; - «Газеттер мен журналдарда жарияланған ең үздік мақала»; - «Радиодағы ең үздік материал»; - «Интернет-ресурста жарияланған ең үздік материал». Жұмыстар 2011 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Астана қаласы, сол жағалау, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 4 кіреберіс, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігі (монополияға қарсы), стратегиялық жоспарлау департаментінде қабылданады. Қосымша ақпаратты (7172) 74 96 33 байланыс телефоны арқылы немесе агенттіктің www.azk.gov.kz. сайтынан алуға болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін