ҚР Конституция күні аясында Астанада өтетін мерекелік шаралар - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Конституция күні аясында Астанада өтетін мерекелік шаралар

ҚР Конституция күні аясында Астанада өтетін мерекелік шаралар

24 тамыз күні ҚР Конституциясының 20 жылдығын мерекелеу аясында «АЛЖИР» мұражай кешенінде апта соңына дейін жалғасатын  «Ата заң - Тәуеліздік тірегі» көрмесі ашылды, деп жазады astana.gov.kz.

  • 26 Тамыз 2015
  • 630
Фото - Caravan.kz

Елорда тұрғындары мен қонақтары 27 тамызда «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенінде өтетін «Ата заң — Елдік айғағым — желбіре мәңгі байрағым» мерекелік концертін тамашалай алады.

28 тамызда № 12, 4, 5 және № 8 кітапханаларда танымдық-құқықтық сабақтар өткізіледі. Сонымен қатар, осы күні сағат 16:00-де Бейбітшілік пен келісім сарайында мерекелік концерт ұйымдастырылады.

29 тамыз күні де астаналықтарға концерттік бағдарлама ұсынылады. Атап айтқанда, ҚР Конституциясының 20 жылдығын атап өту аясында «Шекарасыз ән» халықаралық фестивалінің гала-концерті өтпек.

29 тамызда Астана саябақтарында мәдениет мекемелері шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламалары ұйымдастырылады.


30 тамызда елорданың басты алаңдарында: қалалық алаңда, «Бәйтерек» монументі алдындағы алаңда және «Студенттік» саябағында мерекелік концерттер өтеді.

Соңғы жаңалықтар