Жарияланды: 810

ҚР мәдениет, ақпарт және қоғамдық келісім министрі жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды

Бүгін, 4-қыркүйекте ҚР мәдениет, ақпарт және қоғамдық келісім министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед үш күндік жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Министрдің сапар бағдарламасында мұражай басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен Өскеменде өтетін "Қазақстандағы мұражайлар жұмысын жаңалау" тақырыбындағы республикалық семинар-кеңес пен облыс орталығындағы жаңа мешіттің ашылуына қатысу, Өскемен және Семей қалаларындағы мәдени нысандармен танысу, Зайсан ауданында жүзеге асырылған археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесімен танысу, сондай-ақ, Аягөз қаласында өтетін ақын Дулат Бабатайұлының 200 жылдық мерейтойына арналған салтанаты шараларға қатысу көзделген. ҚР мәдениет, ақпарт және қоғамдық келісім министрінің Шығыс Қазақстан облысына жасайтын жұмыс сапары 6-қыркүйекке дейін созылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін