ҚР МСМ «Қазақфильммен» негізсіз келісімшарт жасасқан - Есеп комитеті
![]() |
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақфильм» киностудиясымен негізсіз келісімшарт жасасқан. |
Бұл туралы Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп комитетінің кезекті отырысының қорытындысына орай жария етілген ақпаратта айтылған.
«Жекелеген бюджеттік бағдарламалары жүзеге асыру үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен оған бағынышты ұйымдарға бөлінген бюджет қаржысының пайдалану тиімділігінің қорытындысы шығарылды», - деп хабарлады аталған комитет баспасөз қызметінен.
Ведомствоның ақпаратына қарағанда, 2013-2015 жылдары аралағында министрлік мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама нормаларын қолданбастан «Қазақфильм» АҚ-мен жалпы сомасы 5824,1 млн. теңгеге арналған фильмдер өндірісі туралы келісімшарт жасасқан.
Мұнан бөлек, 2013-2014 жылдары аралығында министрлік өзіне қарасты театрлар мен музейлерге белгіленген сомадан асып түсетін 1739,6 млн. теңге аударған. 2015 жылы судсидиялауға кірмейтін Ұлттық музейге негізсіз 514,7 млн. теңге бөлінген.
Сонымен қатар есеп комитетінің ақпаратына қарағанда, еліміздің спортшыларын дайындайтын жаттықтырушылардың шамамен 30 пайызы белгіленген біліктілік талаптарына сай келмейді.
«Есеп комитеті анықтаған бюджеттік және басқа да заңнама бұзушылықтардың жалпы сомасы 52313,1 млн., тиімсіз пайдаланға қаржы 1 832,2 млн. теңгені құрайды», - делінген ведомство ақпаратында.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін