ҚР Президенті бейнеленген марка БАӘ-де сатылымға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Президенті бейнеленген марка БАӘ-де сатылымға шықты

ҚР Президенті бейнеленген марка БАӘ-де сатылымға шықты

«Қазпочта» АҚ Қазақстан мен Араб Әмірліктері арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға арналған маркалардың айналымға енгізілгенін хабарлайды. Марканың құны - 200 теңге.

  • 28 Қазан 2015
  • 488
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдың 1 қазанында орнаған, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық өзара түсіністікке бағытталған.

Марка 4 бояулы, офсетті баспа, перфорациясы жоталы. Шығарылым түрі — маркалы парақ. Парақтың өлшемі: 140 х 105 мм. Марканың өлшемі:  28 х 35 мм. Таралымы — 10 000 дана. Суретші — Қ. Ибрайшин. Пошталық марка «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот Фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басылып шығарылды.

Пошталық маркаларда екі елдің басшылары — ҚР Президенді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және БАӘ Президенті шейх Халифа бен Заид Аль Нахаян бейнеленген.


Айта кетейік, «Қазпочта» АҚ — почталық, қаржылық және логистикалық қызметтерді ұсынатын Қазақстан Республикасының ұлттық почта операторы.

null

Соңғы жаңалықтар