ҚР президенті Санкт-Петербург қаласында қазақ ақыны Жамбылға арналған ескерткіштің ашылуына қатысты
Бүгін, 30-мамырда Санкт-Петербург қаласында қазақтың ұлы ақыны Жамбылға арналған ескерткіштің ашылу салтанаты болып, оған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады. Санкт-Петербург қаласының 300 жылдық мерейтойына Қазақстан халқының тартуы болып табылатын бұл ескерткіштің жобасын сәулетші Феликс Романовский мен мүсінші Валентин Свешниковтар жасаған. Соғыс кезінде қала |
тұрғындарын өз жырымен рухтандырған Ұлы ақынға ескерткіш орнату туралы шешім Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Санкт-Петербург губернаторы Владимир Яковлевтің былтырғы кездесуінде қабылданған болатын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін