Жарияланды: 660

ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында әлемдік ғылыми электрондық ресурстар қолжетімді болды

ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында әлемдік ғылыми электрондық ресурстар қолжетімді болды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы оқырмандарға 70-тен астам отандық және шетелдік ақпараттық ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Олардың арасында пайдаланушыларға әлемдегі соңғы ғылыми жетістіктер туралы ақпарат алу және оларды кәсіби және ғылыми қызметінде қолдануға мүмкіндік беретін - ғылыми дерекқорлар, ақпарат және талдау орталықтары, электронды кітапханалар бар, деп хабарлайды кітапхананың баспасөз қызметінен.

31 желтоқсанға дейін кітапхана сайты арқылы барлық пайдаланушылар үшін әлемдік баспалардың бірқатар ақпараттық дерекқорларына «Euromonitor International» (әлемдегі 210 елдің экономикалық зерттеулерін және талдау есептерін жариялайтын халықаралық зерттеу компаниясы) «Taylor & Francis» (жыл сайын 1800-ден астам жаңа академиялық кітаптар және 1000 журнал жариялайды), «Wiley-Blackwell» (1500-ден астам ғылыми журналдар мен кітаптарды, 750 ғылыми әдебиетті қамтиды), EBSCO Publishing (әлемдегі жетекші баспалардың ғылыми ресурстарының ірі агрегаторы 3000-нан астам журналдардың толық жинағын ұсынады) шектеусіз қол жеткізу мүмкіндігі бар.

Электрондық ресурстардың мазмұнымен www.presidentlibrary.kz сайтының «Электрондық ресурстар» бөлімі арқылы танысуға болады.

Электрондық ресурстарды пайдалану дәрежесін, сондай-ақ пайдаланушылардың жаңа қажеттіліктерін анықтау мақсатымен және аса сұранысқа ие ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз етуді жалғастыру үшін Елбасы кітапханасы сауалнама жүргізеді. Оның сұрақтарына оқырмандар кітапхана сайтында жауап бере алады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін