ҚР Тұңғыш президентінің мұражайында балалар шығармашылығының фестивалі өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Тұңғыш президентінің мұражайында балалар шығармашылығының фестивалі өтіп жатыр

ҚР Тұңғыш президентінің мұражайында балалар шығармашылығының фестивалі өтіп жатыр

ҚР Тұңғыш президентінің мұражайында «Түрлі-түсті мозаика» атпен балалар шығармашылығының сайыс-фестивалі өтіп жатыр.

  • 3 Маусым 2011
  • 429
Фото - Caravan.kz

Аталмыш мұражайдың бөлім меңгерушісі, ҚР мәдениет қайраткері Нұржамал Шырымбаеваның айтуынша, мереке «Балалық шақтан көзқарас» атты халықаралық деңгейдегі жобаның аясында өткізіліп отыр. Оған Балалар көркемсурет мектебінің 6-14 жас аралығындағы 80-нен астам тәрбиеленушісі қатысуда. Сайыс шарты бойынша 6 жастан 8 жасқа дейінгі балдырғандар аквагриммен бет татуажын салады. 9-11 жас аралығындағы балалар мольбертте жұмыс жасап, Қазақстан туралы қөзқарастары мен ойларын қағаз бетіне түсіретін болады. Ал 11 жастан жоғары жеткіншектер пластмасса бұйымдарды акрилл бояуларымен өрнектемек.

«ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы мен Балалар көркемсурет мектебінің арасындағы қарым-қатынас бес жылдан бері жалғасып келеді. Жыл сайын Халықаралық балаларды қорғау күні түрлі мерекелік шараларды ұйымдастырып отырамыз. Мақсаты — балалардың бойдағы талаптарын анықтау, оларды шыңдауға мүмкіндіктер жасау», — дейді Н.Шырымбаева.

Мерекеге Балалар көркемсурет мектебінің тәрбиеленушілерімен бірге, ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы мен Астанадағы елшіліктер қызметкерлерінің балалары да қатысуда. Н.Шырымбаеваның айтуынша, осындай шаралар бойларында тығылып жатқан таланттары бар балғындарды анықтауға үлкен септігін тигізеді. Фестивальға сондай-ақ балаларын жетектеп келген Жапония, Беларусь, Украина және Польша елшілерінің жұбайлары үлкен қызығушылықпен қатысты.

Фестиваль соңында ең үздік жұмыстардың авторлары бағалы сыйлықтармен марапатталады. Одан кейін балалар сүйікті мультфильмдерін көруге мүмкіндік алады.

Соңғы жаңалықтар