ҚР Тұңғыш президентінің мұражайында балалар шығармашылығының сайыс-фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Тұңғыш президентінің мұражайында балалар шығармашылығының сайыс-фестивалі өтеді

ҚР Тұңғыш президентінің мұражайында балалар шығармашылығының сайыс-фестивалі өтеді

ҚР Тұңғыш президентінің мұражайында балалар шығармашылығының сайыс-фестивалі және «Түрлі-түсті мозаика» қалалық сайыс-фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді.

  • 31 Мамыр 2011
  • 491
Фото - Caravan.kz

«Түрлі-түсті мозаика» сайысы — бұл мұражайдың «Балалық шақтан көзқарас» жобасы аясындағы Балалар көркемсурет мектебімен бірлескен іс-шарасы.

Ағымдағы жылы фестивальге 6 жастан 14 жасқа дейінгі 80 бала қатысады. Ал 6 жастан 8 жасқа дейінгі балалар сайыс шарттары бойынша аквагриммен бет татуажын, 9 жастан 11 жасқа дейінгі балалар мольбертте Қазақстан туралы сурет салады. Ал, 11-ден жоғары жастағылар үшін пластмасса бұйымдарды (орындықтар) акрилл бояуларымен тақырыптық өрнектеу әдісін қолданады. Жұмыстарын аяқтаған соң балаларға сүйікті мультфильмдерін көруге мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ, Астана қаласында аккредитацияланған елшіліктер, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы және Астана қалалық білім департаментінің басшылықтары қатысқан бұл мереке, сайыс-фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау салтанатымен аяқталады.

Халықаралық балаларды қорғау күні — балалар үшін ең бір қуанышты мереке ғана емес, сонымен қатар ересектер үшін де ең жауапты күн болып есептеледі. Халықаралық балаларды қорғау күні 1949 жылы қарашада Парижде өткен Халықаралық әйелдер демократиялық федерациясы конгресінің шешімімен қабылданды.

Соңғы жаңалықтар