ҚР Ұлттық музейінде «Эрмитаж күндері» өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ұлттық музейінде «Эрмитаж күндері» өтеді

ҚР Ұлттық музейінде «Эрмитаж күндері» өтеді

1,2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде ҚР Тұңғыш Президенті күні аясында

  • 30 Қараша 2015
  • 650
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік Эрмитаж бен ҚР Ұлттық музейі арасындағы бірлескен ынтымақтастық шартын жүзеге асыру негізінде «Эрмитаж күндері» өтеді, деп хабарлайды музейдің баспасөз қызметінен.  

Ғылыми реставрация, ғылыми-ағартушылық жұмыстары, музей экспонаттарын сақтау мен қорғау бойынша музей ісінің ірі мамандарынан тұратын делегацияны тарих ғылымдарының докторы, профессор, РҒА корреспондент-мүшесі, Ресей музейлері одағының төрағасы, Халықаралық музейлер кеңесінің мүшесі (ИКОМ), тарихшы-шығыстанушы, арабтанушы және исламтанушы, Таяу Шығыстың ежелгі және ортағасырлық тарихы, Араб түбегінің тарихы, Саба, Химйар, Құран және исламның  ерте тарихы, ежелгі араб жазулары, арабтардың эпостық аңыздары, араб қолжазба кітабы, мұсылман мәдениеті салаларын зерттеген  Мемлекеттік Эрмитаждың Бас директоры Михаил Пиотровский бастап келеді.

Музей жобасының бағдарламасына лекциялар, семинарлар, шеберлік сабақтары, кездесулер, музейлердің ИКОМ Халықаралық Кеңесімен бірлесіп қызмет ету бойынша, сонымен қатар, әлемге мәшһүр Эрмитаж туралы виртуалды көрме сияқты халықаралық музей жобалары аясында музей салаларын дамыту сынды өзекті мәселелерді талқылау енгізілген.


Соңғы жаңалықтар