Жарияланды: 820

“Құдіретіңнен",- деп қояды”: Қарақат пен Қыдырәлінің қыздарының анасына айтқан тілегі елді жылатты

“Құдіретіңнен",- деп қояды”: Қарақат пен Қыдырәлінің қыздарының анасына айтқан тілегі елді жылатты

Әнші Қарақат Әбілдина өзінің жеке әлеуметтік парақшасына қызының өзіне тілек айтқан бейнежазбасын жариялады.

Бұд туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Сіздер Аяланың ақындығымен қоса композиторлық қабілеті барын білетін бе едіңіздер?
Ақынның ұрпағы ғой.

Көңіліне сай келсе суырып салып, төгіп жіберетіні бар.

Кеше түн ішінде шабыты оянды-ай дейсіз! 
Қағазға суретімді салып, анасына деген жүрек жарды тілегін ақтарған кезде,  әрең тоқтаттым.

“Құдіретіңнен” деп қояды.
Құдай жүрегім-ау!  Ботам-ботам.
Балдай тәтті қылығымен әлемді ұмыттырып жібереді екен ғой бала деген. 

Алла балаларымызды сұқ көзден сақтасыншы“, - деп жазба қалдырды.

Аяланың анасына деген жүрек жарды лебізіне көпшілік таң қалды, кейбір оқырмандар көздеріне жас алғанын да жасырмады.

"Көзіме еріксіз жас келді, анам тірі болғанда менде солай айтар едім","Жарайсың, балапан! Анаңды құрметте!", "Алтын қыз, ақылды болып өссін", "Ана болу қандай күшті сезім, бәрімізге бұйыртсыншы", - деп оқырмандар пікір қалдырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін