«Құнанбай» фильмі 3 желтоқсанда прокатқа шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Құнанбай» фильмі 3 желтоқсанда прокатқа шығады

«Құнанбай» фильмі 3 желтоқсанда прокатқа шығады

3 желтоқсанда жалпыұлттық прокатқа «Құнанбай» тарихи көркем фильмі шығады. Ол ұлы Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлына арналған, деп хабарлады «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметінен.

  • 23 Қараша 2015
  • 636
Фото - Caravan.kz

«Дарынды қазақстандық кинорежиссер, театр және кино актері, продюсер, Қазақстанның халық әртісі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» тарихи көркем фильмі  прокатқа шығады»,- делінген хабарламада.

Д. Жолжақсынов «Даладағы қуғын» (1979), «Алтын күз» (1980), «Көшпенділер» (2010) және т.б. фильмдер бойынша белгілі. Оның режиссер  ретіндегі алғашқы еңбегі — «Бiржан сал» фильмі болды. Оны қазақстандықтармен қатар шетелдік көрермен жоғары бағалады. 

Фильм Құнанбай Өскенбайұлының өмірімен бірге XIX ғасырдағы елдің тыныс-тіршілігімен таныстырады. 


Көркем фильм сценарийін Досхан Жолжақсынов пен жазушы Таласбек Әсемқұлов жазды.

Фильм Құнанбайдың туған жерінде, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл кентінде және Алматы облысында түсірілген. 

Соңғы жаңалықтар