Құралай Нұрқаділова өзінің брендімен жиһаздар шығаруға кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құралай Нұрқаділова өзінің брендімен жиһаздар шығаруға кірісті

Құралай Нұрқаділова өзінің брендімен жиһаздар шығаруға кірісті

Танымал қазақстандық дизайнер Құралай Нұрқаділова өзінің брендімен жиһаздар шығаруға дайындалуда.

  • 19 Қараша 2012
  • 3716
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Эскпресс К» газеті жазды.

Жоба итальяндық немесе француздық сапаға кепілдік бере алатын өндірушілермен келіссөздер жүргізу сатысында. Құралайдың жиһаздары ең бай қазақстандықтардың тар ауқымына арналған элиталы және эксклюзивті болады.

Бұл туралы Нұрқаділова «Сән — тәжірибеде сыналғандардың ойыны» атты бизнес-форумда мәлім етті. Модельердің қызметінің жаңа бағыты қазақстандық фэшн-бизнесте барлық стереотиптерді бұзады. KURALAI бренді енді франшиза бойынша әртүрлі елдерде, соның ішінде Англияда шығарылатын болады.

«Кез келген жиһаз оған танымал фирманың белгісін жабыстырып қойсаң жылдам сатылады. Бірақ біреумен ықпалдастық туралы келісімшарт жасаспай тұрып, біз оның сапалы тауар жасайтынына, жұмысына адал өндіруші екендігіне көзімізді жеткіземіз. Біздің жиһаз өзгелерден өзінің дизайнымен, түстердің алуандығымен ерекшеленетін болады. Әрине, олар қолмен жасалған, эксклюзивті әрі өте қымбат болады. Балаларға, асханаға және жатын бөлмеге арналған жиһаздар гламур және классика үлгілерінде жасалады», — деді ол.

Сондай-ақ Құралай осы уақытта сәнді киімдерге қатысты кеңес беруден де тартынбады.

«Әртүрлі кеудешелер әлі де сәнді. Түстерге келетін болсақ, үш түсті үйлестіруді ұсынамын, мысалға, сары блузка, күлгін юбка және жасыл сөмке. Сондай-ақ қоңыр-қызыл және қызғылт сары түстер сәнді болып табылады», — деп түйді дизайнер.

Соңғы жаңалықтар