Құрманғазы атындағы консерваторияның кіші залына Ахмет Жұбановтың есімі берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрманғазы атындағы консерваторияның кіші залына Ахмет Жұбановтың есімі берілді

Құрманғазы атындағы консерваторияның кіші залына Ахмет Жұбановтың есімі берілді

Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның кіші залына Ахмет Жұбановтың есімі берілді.

  • 30 Мамыр 2011
  • 471
Фото - Caravan.kz

Бүгін осыған орай консерватория қабырғасында салтанатты шара өтті.

«Бүгінгі шараның басты мақсаты — еліміздің мәдени өміріндегі ең ірі, айтулы тұлғаны еске алып, құрмет көрсету. Ахмет Жұбанов еліміздегі кәсіби мәдени білімнің негізін салушы, бүгінгі кіші залға оның есімін беруіміздің де үлкен себебі бар. Менің ойымша, оның рухы жас таланттарды оқытуға көмек беретін сияқты», -деді шараны ашқан Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның ректоры Ж.Әубәкірова.

Ахмет Қуанұлы Жұбанов — академик, Қазақстанның аса көрнекті мәдениет қайраткері. Қазақтың кәсіби музыкасының, қазақтың композиторлық мектебінің негізін салушы, Құрманғазы атындағы қазақ халық аспаптары оркестрін құрушы, алғашқы жетекшісі, консерваторияның ректоры (1945-1951жж), қазақтың халық музыкасын зерттеуші, «Замана бұлбұлдары», «Ғасырлар пернесі» атты кітаптардың авторы.

Естеріңізге сала кетейік, академиктің туғанына биыл 105 жыл толып отыр.

Соңғы жаңалықтар