Қытайдан Ұлы Жібек жолы бағытымен келген керуенді Тараз маңында 700-ден аса адам қарсы алған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдан Ұлы Жібек жолы бағытымен келген керуенді Тараз маңында 700-ден аса адам қарсы алған

Қытайдан Ұлы Жібек жолы бағытымен келген керуенді Тараз маңында 700-ден аса адам қарсы алған

Тараздан 40 шақырым қашықтықта орналасқан Байзақ ауданы Үшбұлақ ауылында Шэньси провинциясының  Сиань қаласынан

  • 3 Қазан 2015
  • 2539
Фото - Caravan.kz

Ұлы Жібек жолы бағытымен Таразға келе жатқан керуен экспедициясын салтанатты түрде қарсы алды.

Еске сала кетейік, 2014 жылғы қыркүйекте Сианьнан ежелгі сауда жолымен «Қытай — Қазақстан: Ұлы Жібек жолының шай мәдениеті» достық және ынтымақтастық керуені Жібек жолының экономикалық белдеуін құру идеясын қолдау мақсатында жолға шыққан болатын. Керуен Шэньси провинциясында өсірілетін фуца емдік диян тақташайын әкеле жатыр және Таразға қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдық мерейтойын мерекелеу басталуына жетуі тиіс.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, керуенді Жамбыл облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Байзақ, Жамбыл, Рысқұлов аудандары мен Тараз қаласындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері қарсы алған.

Байзақ ауданының М. Шүкеев дәстүр бойынша керуенді басқарып келген Джо Дэ Шенгудің иығына алтын жіптерден тігілген шапан жапты. «Жаңа Жібек жолы» халықаралық академиясы» ҚҚ президенті, «Қазақстан дүнгендері қауымдастығы» этномәдени бірлестігін басқаратын Хусей Дауров пен Жамбыл облысы ҚХА секретариатының меңгерушісі Лариса Лысова құттықтау сөз сөйлеп, өз сөздеріне Қазақстан мен Қытай арасындағы достық қарым-қатынасты айтып өтті.

«Сиань-Тараз» достық және ынтымақтастық керуені 5 мың шақырым жол жүріп, Жамбыл жеріне жетті. Керуен құрамында 55 түйе бар, бұл Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын бейнелейді. Сонымен бірге 20 өте әдемі аттар бар. Жүзден астам керуеншілер Таң әулеті дәуіріндегі киімдер киіп, күзетшілері ертедегі ұзын сапты найзалармен қаруланған», — деді өз сөзінде Х. Дауров.

Үшбұлақ ауылындағы «TauDos» сауықтыру кешенінде  керуенді  қонақжайлылықпен қарсы алды. Қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды, концерттік бағдарлама қойылып, ұлттық ойындар көрсетілді. Шараға 700-ден астам Жамбыл облысының тұрғындары қатысқан.


Керуен 5 қазан күні Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға Тараз қаласына келеді. 6 қазанда Тараздың батысындағы «Төрткүл» керуен-сарайынан Тұңғыш Президент саябағына дейін бейбіт тұрғындардың шеруі болады. Сондай-ақ Таразда «Шай үйі» ашылады.

Қашықтығы 5 мың шақырымнан асатын саяхатты ұйымдастыруға Қазақстанның дүнген қауымдастығы мен «И-Зе Фуца» компаниясы (Сиань, Қытай) бастамашы болды Халықаралық экспедицияның қазақстандық бөлігінің бас операторы Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы мен «Жаңа Жібек жолы» мәдени және экономикалық ынтымақтастық халықаралық академиясы» ОФ. Шара ұйымдастырушылары — Сиань қаласының әкімшілігі, Алматы және Жамбыл облыстарының, Алматы қаласының әкімдіктері.
null
null
null
null
null

Соңғы жаңалықтар