Қытайды қайран қалдырған "Самалтау" әнінің сөзі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайды қайран қалдырған "Самалтау" әнінің сөзі

Қытайды қайран қалдырған "Самалтау" әнінің сөзі

"Самалтау" 1916 жылдар шамасындағы қазақтың қиын тағдырын көрсететін халық әні. 

  • 21 Қазан 2019
  • 3248
Фото - Caravan.kz

 

Самал тау, қайран елім, шалқар көлім,

Не болар солдат болып көрген күнім,

Есіме қайта-қайта түсе бердің,

Кір-жуып, кіндік кескен қайран жерім.

Атты емеспіз, жаяумыз,

Жаяудан да баяумыз,

Он бес күндей жүргенде,

Омбы жаққа таяумыз.

Жасым бар қос мүшелдей, жылым – сиыр

Тағдырдың айдауымен кеттім қиыр

Самал тау, қайран жерім артта қалды

Адасқан өрісінен біз бір үйір

Атты емеспіз, жаяумыз,

Жаяудан да баяумыз,


Он бес күндей (сөтке) жүргенде,

Омбы жаққа таяумыз.

Әке-шешем бар еді,

Жасы жеткен кәрі еді,

Осынау әнге салдырған,

Он алтының зары еді…

 

Соңғы жаңалықтар