"Қыз Жібек" эпосының 500 жылдығына арналған "Махаббат мәңгілік жыр" атты салтанатты концерт болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қыз Жібек" эпосының 500 жылдығына арналған "Махаббат мәңгілік жыр" атты салтанатты концерт болып өтті

"Қыз Жібек" эпосының 500 жылдығына арналған "Махаббат мәңгілік жыр" атты салтанатты концерт болып өтті

Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астананың Конгресс-Холл сарайында 20 қазанда "Қыз Жібек" эпосының 500 жылдығына арналған "Махаббат мәңгілік жыр" атты салтанатты концерт болып өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 22 Қазан 2008
  • 1449
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚР ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық Комиссиясының төрағасы, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың бастамасымен қазақ халқының «Қыз Жібек» эпосының 500 жылдығы осы халықаралық ұйымның мерекелік іс-шаралар күнтізбесіне енгізіліп, жырдың әлемдік мәдени және ғылыми қауымдастығы арасында таралуына жол ашты.

«Қыз Жібек» дастаны ХVII ғасырда дүниеге келіп, екі жүзжылдықтан соң алғаш рет қағаз бетіне түсірілді. Бүгінгі күні эпостың он алты нұсқасы белгілі.

Дастанның негізіне салынған қасіретке, бірақ онымен қоса жарқын сезімдерге толы сюжет қазақ өнерінің барлық жанрларында өз бейнесін тапты деуге болады. «Қыз Жібек» сан рет драмалық, опералық және балеттік қойылымдарда көрініс тауып, экранға да шықты. Поэманың прозалық та, поэтикалық та формалары бар, ол орыс және әлемнің өзге тілдеріне аударылған. Бейнелеу өнерінде, графикада, мүсіндеуде, халықтық қолтаңбалы өнерде де дастан тақырыбы жан-жақты қамтылған.

Атап айтқанда, 1934 жылы халықтық поэма негізінде бірінші қазақ операсы жарық көрді (Ғ.Мүсірповтың либреттосы, Е.Брусиловскийдің әні). 1970 жылы қазақ режиссері Сұлтан-Ахмет Қожықов «Қазақфильм» киностудиясында аттас кинолентаны түсіріп шығарды. Ондағы басты рөлдерді Кененбай Қожабеков, Мұхтар Бақтыкереев, Асанәлі Әшімов, Әнуар Молдабеков, Фарида Шарипова, Гүлфайрус Ысмайылова, Меруерт Өтекешева, Құман Тастанбековтер сомдады. 1988 жылы «Жалын» баспасы Б.Қанапьяновтың орыс тіліндегі аудармасын басып шығарды, кейін ол талай рет баспадан шыққан.

Астана қаласының әкімдігі ұйымдастырған «Махаббат мәңгілік жыр» салтанатты кешінде Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсының үзінділері мен ариялары орындалып, балеттік қойылымдары көрсетілді. Концертке Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген әртісі Жанат Шыбықбаев, опера әншісі Жан Тапин, К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының әртістері, ҚР Халық әртісі Болат Аюхановтың балеттік труппасы қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар