Ресейдің Қазақстандағы жылы аясында елімізде осы елдің өнер фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдің Қазақстандағы жылы аясында елімізде осы елдің өнер фестивалі өтеді

Ресейдің Қазақстандағы жылы аясында елімізде осы елдің өнер фестивалі өтеді

Ресейдің Қазақстандағы жылы аясында елімізде осы елдің өнер фестивалі өтеді. Фестиваль бағдарламасына сәйкес Ресейдің танымал әртістері мен жетекші өнер ұжымдарының, атап айтсақ, Большой театр, Мариинский театр, Борис Эйфман атындағы Мемлекеттік балет театры тәрізді ұжымдардың концерттері жоспарланған. Бұл туралы KZ-today тілшісіне РФ мәдениет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып таратқан РФ СІМ-нің хабарламасынан мәлім болды.

  • 13 Қаңтар 2004
  • 613
Фото - Caravan.kz

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, Астанаға Нина Ананиашвили, Николай Цискаридзе, Геннадий Янин, Светлана Захарова, Андрей Уваров, Ирина Желонкина, Юлия Махалина сынды балет жұлдыздары келеді деп күтілуде.

Сондай-ақ, Мария Гаврилова, Лариса Рудакова, Бадри Майсурадзе, Зураб Соткилава, Николай Басков, Леонид Болдин, Дмитрий Хворостовский, Павел Черных сынды сахна майталмандары Ресейлік ақын-жыршылардың шығармаларын орындайды.
Еліміз тұрғындары Сергей Образцов атындағы қуыршақ театрының, «Сатирикон» және «Малая Бронная көшесіндегі театр» ұжымдарының қойылымдарын тамашалап, Игорь Бутманның джаз ансамблінің өнеріне тәнті болады.
Фестиваль аясында «Кремль құндылықтары», «Эрмитаждағы асылдар», «Халықтық қолөнер саласындағы орыс дәстүрлері», «Ресей жеріндегі саяхат» тақырыбындағы көрмелер ұйымдастырылмақшы.

Соңғы жаңалықтар