«Еркелаш» атауы әйгілі «Ералаш» әзіл-оспақ журналына ұқсатып алынды, дейді жобаның продюсерлік орталығы.
Орталық мәліметіне сәйкес, фильм бірі кинотеатрларға арнап, екіншісі қазақ және орыс тілінде телеарналарға арнап екі форматта түсіріледі.
Фильмде рөлдерді Ақтау орта мектебінің 5-11 жас аралығындағы оқушылары және кәсіби актерлер сомдайды.
Қазір фильмнің бірінші бөлімінің түсірілімі аяқталуда, мұнымен қоса Алматыда түсірілім басталды.
Фильмнің басты кейіпкері Мейрамбек есімді бала. Сценарий желісіне сәйкес, бастапқыда ол жағымсыз кейіпкер болады, түрлі оқиғаларға кезігіп, үнемі бір нәрсеге кезігеді де жүреді. Біраз қателіктерді бастан кешкен соң ол бір күні білімге ұмтылған жағымды тұлғаға айналады, үздік оқушы болады.
Биыл көктемде фильмнің тұсаукесері жоспарлануда, алайда атауы құпия сақталуда.
Э.Тәбішев «Шиза», «Түнгі блюз», «Махамбеттің найзасы», «Өмір деген қызық қой» деген фильмдерде түскен.