Жарияланды: 430

Республикалық конкурсының бас жүлдесін павлодарлық жас суретші жеңіп алды

Алматыда өткен балалар экологиялық суреттерінің ІХ республикалық конкурсының бас жүлдесін павлодарлық 12 жасар суретші Далия Асқарова жеңіп алды.

«Қазақстанның заманауи келбеті» деген тақырыпты арқау еткен конкурсқа еліміздің барлық өңірінен 60 бала қатысып, «үй жұмыстарын» таныстырды және оңтүстік елордада пленэрде екі сурет салды. Далия Асқарованың барлық үш жұмысы да мамандардың жоғары бағасын алып, конкурстың бас жүлдесін иеленді. «Далия төрт жасынан бастап сурет сала бастады. Дарынды қыз әр түрлі техникада сурет салып көруде», дейді Павлодардағы №2 көркемсурет мектебінің оқытушысы Лариса Кузнецова.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін