Республиканың 20 жылдығының құрметіне қазақстандық ғалымдар, журналистер мен киноматографистері Шыңғысханның жолымен Моңғолияға автосапар жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республиканың 20 жылдығының құрметіне қазақстандық ғалымдар, журналистер мен киноматографистері Шыңғысханның жолымен Моңғолияға автосапар жасады

Республиканың 20 жылдығының құрметіне қазақстандық ғалымдар, журналистер мен киноматографистері Шыңғысханның жолымен Моңғолияға автосапар жасады

70-тен астам қазақстандық ғалымдар, журналистер, киноматографистер Қазақстан, Ресей және Моңғолия арқылы республиканың 20 жылдығына арналған «Шығысханның жолмен» атты сапар жасады, деп автосапар ұйымдастырушылар хабарлады.

  • 27 Шiлде 2011
  • 475
Фото - Caravan.kz

«Сапар ұлы қолбасшы Шыңғысханның жолымен өтіп, 6-12 ғасырда орын алған табынарлықтай тарихи нақты орындарға барумен жалғасты. Автосапардың негізгі мақсаты — Қазақстанның тарихи мұрасын насихаттау, атап айтқанда, көне түркі тарихын насихаттау, сондай-ақ көпшілік қоғам назарын мәдениет пен тарих ескерткіштерін сақтау проблемасына аудару», — делінген сәрсенбі күні таратылған хабарда.

Автотурға 15 көлікпен 77 адам қатысты. 22 күнде автосапарға қатысушылар 10 725 шақырымды Қазақстан, Ресей және Моңғолия территориясы арқылы басып өтті. Алматыдан маусымның 29-да бастау алған автосапар командасының құрамына танымал қазақстандық ғалымдар, археологтар, режиссерлер мен актерлер енді. Бұл топтың негізгі миссиясы – түркі халықтарының ұлы мұрасы және өзара байланысы туралы «Шығысханның жолымен» атты деректі фильмді түсіру болды.

Алматы-Талдықорған — Өскемен – Бииск – Онгудай – Қос Ағаш — Өлгей – Алтай – Хархорин – Ұлан Батор маршрутымен түсірілген фильмде 5-12 ғасырлардағы тарихи ерекше ескерткіштерді түсіріп, сондай-ақ тарихи және мәдени ақпараттың тікелей «көзі» болып табылатын ақсақалдармен, ру басшыларымен көзбе-көз сұхбаттасудың сәті түсті. Олар өздерінің рулары туралы бірнеше буын тарихын айтып берді.

Соңғы жаңалықтар