Жарияланды: 520

Роза Рымбаева, «МузАрт» пен «Бәйтерек» топтары, сондай-ақ, шетелдік орындаушылар Тұңғыш Президент күні гала-концертінің қонақтары болады

Роза Рымбаева, «МузАрт» пен «Бәйтерек» топтары, сондай-ақ, шетелдік орындаушылар Тұңғыш Президент күні гала-концертінің қонақтары болады

Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралардың негізгі түйіні 1 желтоқсанда «Қазақстан» Орталық концерт залында өтетін салтанатты гала-концерт болмақ.

Елорданың ресми сайтының жазуынша, «Сазген сазы» оркестрі мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Александр Аблаев жетекшілік ететін «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен Достастық елдері әртістері мен шығармашылық ұжымы орындайтын жан тебірентер әндер шырқалады. Кеш қонақтары Молдова Республикасының халық әртісі Константин Москович, қазақстандық эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, «МузАрт», «Бәйтерек» топтары, Беларустың «Камерата» ансамблі, Омбы қаласынан келген орыстың халық хоры, Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген халықаралық байқаулардың лауреаттары және басқа орындаушылар болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін