Сәбит Әбдіхалықов Айгүл Иманбаеваға қайта орала ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәбит Әбдіхалықов Айгүл Иманбаеваға қайта орала ма?

Сәбит Әбдіхалықов Айгүл Иманбаеваға қайта орала ма?

Әлеуметтік желіде Сәбит пен Алтынай ажырасты деген әңгімелер саябырламай тұр. 

  • 18 Тамыз 2016
  • 12995
Фото - Caravan.kz

Бұған өздерінің Инстаграм парақшасынан бір-бірінің суреттерін өшіріп тастаған жұлдызды жұптың өздері себеп болып отыр. Жақында ғана ауруханадан шыққан Сәбит Инстаграм желісінде жаңа парақша ашыпты. 

Парақшасында алғашқы суреттердің бірі ретінде Айгүлден туылған ұлымен бірге түскен суреттерін жариялаған. Байқауымызша, әкесі мен баласы қазір Оңтүстіктегі шипажайлардың бірінде демалып жатыр.

“Құрметті менің оқырмандарым! Әлеуметтік желідегі менің ресми жаңа парақшам осы! Алдыңғы парақшамды бүгін біреулер бұзып тастады. Менің атымнан ыңғайсыз хаттар барып жатса, алдын ала кешірім сұраймын! Аллаh бас амандығын берсе, менің алдағы жұмыстарымды осы парақшадан көре аласыздар! Қазағымның басынан бақ кетпесін!” – деп жазады бұл орайда Сәбит Әбдіқалықов.

Ал әлеуметтік желідегі жұрт Сәбиттің жаңа парақша ашуын сан-саққа жорыған екен. Тіпті арасында «Сәбит пен Айгүл қайта қосылуы мүмкін» деп пікір білдіргендер де бар. 


 


 

Соңғы жаңалықтар