Сағызша созылған “Келін” телехикаясы қайтадан жалғасатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сағызша созылған “Келін” телехикаясы қайтадан жалғасатын болды

Сағызша созылған “Келін” телехикаясы қайтадан жалғасатын болды

Жуырда ғана “Қазақстан” ұлттық арнасы сағызша созылған “Келін” телехикаясының көрсетілімін аяқтайтынын хабарлаған болатын. Үнді мәдениетін жатсынып, халқының болашағы үшін алаңдаған азаматтар бұл жаңалыққа қуанды. “Ақыры “Келін” бітетін болды” деп жер-жерде жар салды.

  • 18 Ақпан 2017
  • 977
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

БАҚ өкілдері де мұны жарыса жазып жатты. Алайда бұл қауымның қуанышы ұзаққа созылмады. Себебі “Келін” телехикаясының жалғасы енді өзге отандық арнадан көрсетілетін болды.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, елімізде күн сайын осы телехикаяны көру үшін шамамен 3 миллионнан астам адам теледидарын қосады. Бұл жалпы көрермендердің 23 пайызын құрайды. Телехикая аудиториясының 93% қазақ тілді көрермендер. Ал бұл дегеніңіз телеарна үшін өте үлкен көрсеткіш.

Айтпақшы, онсыз да 5 жыл үзбей көрсетілген телехикая 2020 жылға дейін созылады деген болжам да бар.


Соңғы жаңалықтар