"Сахнаны босатып беремін": Мөлдір Әуелбекова орамалы үшін қысым көргенін айтып, ән әлемінен біржола кететінін жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сахнаны босатып беремін": Мөлдір Әуелбекова орамалы үшін қысым көргенін айтып, ән әлемінен біржола кететінін жайып салды

"Сахнаны босатып беремін": Мөлдір Әуелбекова орамалы үшін қысым көргенін айтып, ән әлемінен біржола кететінін жайып салды

Танымал әнші, кейіннін орамалға келген Мөлдір Әуелбекова өзінің өнері туралы бар шындықты айтты.

  • 9 Қыркүйек 2024
  • 268
Фото - Caravan.kz

Ол сахнадан біржола кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Сaravan.kz. медиа порталы.

Бұл туралы әнші желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Мені, орамалым үшін телевизиялық жобаларға және көптеген концерттерге қатыстырмайды.

Енді, ойланып жүрмін, үлкен сахнаның бір бұрышын маған қимай жүргендерге, өзім-ақ сол сахнаны босатып бере саламын-ау…

Мен қатысып жүрген бір ғана жоба бар, ол COVER SHOW! Себебі, @m_besbaev шын таланттарды ештеңеге қарамастан қолдайды! Рақмет жан ағам, ән ағам!», — деп ағынан жарылды әнші.