Сахналық әріптесі Серікбол Сайлаубектің қолын сындырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сахналық әріптесі Серікбол Сайлаубектің қолын сындырды

Сахналық әріптесі Серікбол Сайлаубектің қолын сындырды

Серікбол Сайлаубек жуырда төбелестің құрбаны болды. Ұзын құлаққа сенсек, әншінің қолын сахналық әріптестерінің бірі сындырған. Ол оқиғаның қалай болғанын баяндаса да, өзін балағаттаған адамның есімін жасырып қалды.

  • 31 Қазан 2016
  • 2368
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы КТК арнасының Instaлайық бағдарламасында айтылды.

“Мен өнер үшін жанымды қиюға әзір екенімді дәлелдедім. Қазақтың жігіттері ән айтып қана қоймай, қара жұмыс та істейді. Жігіт екі сөйлемей, өзінің атына лайық болғаны абзал. Жаратқаннан осындай сынақ келіп қалды. Оны шамам жеткенше емдедім. Толық медициналық тексеруден өттім. Әлгі жігіт “Түнде неге көзілдірік киіп алғансың? Неге сонша өзіңше болып кеткенсің?” деп тиісті. Шын мәнінде, бір көзімнің ақауы бар. Екіншісі де аса жақсы көрмейді. Сол себепті қара түсті көзілдірік киемін. Кейде өзім танитын достарымды байқамай өтіп кететін кездерім болады”, – дейді Серікбол Сайлаубек.


Естеріңізде болса, әнші осы уақытқа дейін өзін директоры алдап кеткенін айтқан болатын. Халықтың алдында әлгі директорын ұстаса, сазайын жақсылап беретінін де тілге тиек еткен-ді. Әзірге екі оқиғаның байланысы бар-жоғы белгісіз.

Соңғы жаңалықтар