Санжар Мәдиев әке атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Санжар Мәдиев әке атанды

Санжар Мәдиев әке атанды

30 жастағы қазақстандық актер Санжар Мәдиев әке атанды. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында жариялады.    

  • 1 Тамыз 2016
  • 518
Фото - Caravan.kz


«Не жазу керек деп ұзақ ойландым… Былай жазам деп шештім: енді менің өмірім бұрынғыдай болмайды, енді менің өмірімде кішкентай қыз бар. Мен оны күшім жеткенше, тіпті бар күшіммен қорғайтын боламын. Мен әке атандым. Үнемі жаныңнан табыламын! Әрдайым маған арқа сүйеуіңе болады! Сен менің өмірімсің! Біресе маған, біресе әйеліме ұқсап кететін кішкентай ғажайып үшін Жаратқанға алғыс айтамын! Мен сендерді өте қатты жақсы көремін», — деп жазды актер.

Санжар Мәдиев актерлік жолын «Көшпенділер» фильміндегі кішігірім рөлден бастады. Қарлығаш Мұхамеджанова, Әнуар Нұрпейісовпен бірге түскен Фархат Шәріповтың «Қызғылт қоян туралы хикая» фильмі арқылы танымалдылыққа ие болды. Кейінірек, «Елесті қуу», «Атпен жүру», «Аңыздар кітабы: тылсым орман», «Астана — жүрегім менің» картиналарына түсті, «Марко Поло» американдық сериалының түсіріліміне қатысты. Соңғы жылдары «Үйге жол» фильміне, «Аманат: Кенесары хан», «30 жаста үйлену» картиналарында, «Құстар әні» сериалында және ресейлік «Қорғаушылар» фильміне түсті.  

Соңғы жаңалықтар