С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы 60 жылдығын атап өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы 60 жылдығын атап өтуде

С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы 60 жылдығын атап өтуде

Алматыда С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы құрылғанына 60 жыл толуына байланысты мерейтойын атап өтуде.

  • 15 Маусым 2011
  • 1643
Фото - Caravan.kz

Бүгінде С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы — ең ірі балалар кітапханасы болып табылады. Онда 11 бөлім, оның алтауы пайдаланушыларға тікелей қызмет көрсетеді. Кітапхана қорында жарты миллионға жуық кітаптар, CD, аудио және видео мәліметтер бар. Бегалинканың оқырмандарына ақпараттық білім беру медиацентрі «Білім әлеміне ашылған терезе» қызметін ұсынады. Жыл сайын мұнда 15 мыңға жуық оқырмандар келеді. Бұл жерде бәрі балаларға ыңғайлы түрде жасалған.

Кітапхана ұжымы мерей тойдың республика өміріндегі ең ұлық мереке ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңына келгеніне қуанышты.

«С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы 1951 жылы мамыр айының 10 жұлдызында құрылды. Кітапхана Кеңес Одағындағы алғашқы республикалық кітапхана болып саналды. Бұл дәреже 60 жылға жуық сақталып келді, қазірдің өзінде біз балаларға қызмет көрсететін республика кітапханаларына әдістемелік және практикалық қызмет көрсетуде үйлестіруші міндетін атқарып келеміз. 60 жыл ішінде кітапхананың шығармашылық жолы жас буынның адамгершілік, рухани тәрбиесіне үлкен үлес қосып келеді»,- деді кітапхананың директоры София Раева.

Оның айтуынша, бүгінде балалардың кітапқа деген қызығушылығы артып, кітапханаға келушілердің саны көбейген.

Жарты ғасырдан астам тарихы бар балалар кітапханасы бүгін мерей тойлық шаралар аясында «Балалардың оқуы — рухани байлық» атты ғылыми практикалық конференция өткізуде. Оған балалар әдебиеті саласындағы жетекші мамандар, балалар оқуы сұрақтарымен айналысатын педагогтар, мемлекеттік емес ұйымдар мен халықаралық қордың өкілдері, жақын және алыс шетелдерден келген кітапхана мамандары қатысуда. Конференцияда балалар әдебиетіне қатысты мәселелер талқыланатын болады.

София Раеваның айтуынша, жыл бойы кітапханада мерейтойға арналған тақырыптық шаралар өтетін болады.

Ертең кітапхананың 60 жылдық құрметіне Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармонияда концерт өтеді.

Соңғы жаңалықтар