Жарияланды: 1700

"Себебін кейін айтамын": Әнші Динара Сұлтан ортақ 6 балалары бар күйеуімен заңды неке қиып, куәлік алды

"Себебін кейін айтамын": Әнші Динара Сұлтан ортақ 6 балалары бар күйеуімен заңды неке қиып, куәлік алды

Әнші Динара Сұлтан күйеуі Ерлан Қожасбаймен заңды неке қиып, енді ғана куәлік алғандарын айтты.

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Кәзір құттықтаулар тек қалсыншы осы жерде. Неге үйткенімізді соңыра қол тигенде, жақсы бір пост жазармын. Жұма қабыл болсын жандарым!!! Бақытты болайық", - деп жазды әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Ерлан Қожасбай мен Динара Сұлтан "Екі жұлдыз" жобасына қатысып, екінші орынға ие болған еді. Сол кездегі таныстық оларды ерлі-зайыпты етті.

Қазіргі таңда екеуі 6 бала тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін