Жарияланды: 1500

Семейде дәстүрлі ән орындаушыларының республикалық байқауы басталды

Семейде дәстүрлі ән орындаушыларының республикалық байқауы басталды

Семей қаласында Әсет Найманбаев атындағы дәстүрлі ән орындаушыларының республикалық байқауы басталды.

«Інжу маржан» қалалық Мәдениет сарайының сахнасында сағат 10.00-де салтанатты түрде ашылды. Байқаудың қазылар алқасының құрамына Қазақстанның танымал өнер қайраткерлері - Рамазан Стамғазиев, Жарқын Шәкәрім, Сәуле Жанпейісова, Клара Төленбаева, Әділ Тұрғанбаев, Берік Омаров кірді. Талантты ақын, әнші және сазгер Әсет Найманбаев атындағы дәстүрлі ән байқауына орындаушылар тек еліміздің аймақтарынан ғана емес, көршілес Қытайдан да келді. Екі күн бойы әншілер жүлделі орындар үшін таласады. Облыстық Мәдениет басқармасының бастығы Жақсылық Омардың айтуынша, музыканттың шығармашылығы ұлттық музыка өнерінің қайталанбас құбылысы болып табылады. Мәдениет басқармасының бұл байқауды өткізудегі басты мақсаты - музыкалық мұраны ұрпақтан ұрпаққа насихаттау және талантты жастардың жаңа буынына өз шеберлігін шыңдауға көмектесу. 10 қараша күні Семейдегі Абай атындағы Мемлекеттік музыкалық драма театрының сахнасында байқаудың екінші кезеңі өтеді, ал кешке қазақстандық жұлдыздар мен Әсет Найманбаев атындағы байқау жеңімпаздарының қатысуымен гала концерт өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін