Жарияланды: 800

Семейде Ұлытау мұражай-қорығының көшпелі фотокөрмесі ашылды

Семейде Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени мұражай қорығының көшпелі фотокөрмесі ашылды. Қарағанды облысынан ғылыми-танымдық экспедицияның міндеті – Абай мұражай кешенімен мәдени байланыстар орнату және басқа тарихи-мәдени мұражайлармен тәжірибе алмасу.

«Фотокөрменің экспозициясы 5 бөлімнен тұрады және бізге оның мәдениет нысаны ртіндегі маңызы үлкен. Бүгінгі күні ұлттық құндылықтарды сақтау аса маңызды. Бұл табиғи, мәдени және тарихи ескерткіштерге қатысты», - дейді Абай мұражай кешенінің директоры Жандос Әубәкіров. Қор меңгерушісі Нұрсұлу Райымованың ақпаратына сәйкес, өткен жылы мұражай ұжымы Солтүстік Қазақстанның аймақтарына экспедициямен барған. Бұл жолы ғылыми саяхат Шығысқа, Шу, Балқаш, Есік-Тамғалы бағытында жасалады. «13 маусымда біз Ұдытайдан жолға шықтық. Қарағандының өңірлерінде болдық. Кейін Қайнарға, Жидебайға бардық. Абай,Шәкәрім, Кеңгірбай зираттарында болдық. Бөрілідегі Әуезов мұражайымен таныстық. Енді міне семейліктермен кездесіп жатырмыз», - дедіН. Райымова. Шығыс Қазақстанға келген экпедиция 5 адамнан құралған. Ұлытау мұражайының Семейге сапары 12 күнге жалғасады. Фотокөрме кейін Өскеменге барады, Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени мұражай-қорығы 1990 жылы құрылды. Оның құрамында 25 ірі кешен бар. Ашық аспан астында орналасқан мұражай-қорық аймақтың табиғи және тарихи байлығын сақтап қалу мақсатында құрылды. Мұражай-қорықтың қорына 736 тарихи ескерткіш кіреді, оның 13-і мемлекеттік құндылықтар қатарына жатқызылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін