Семейдегі Абай атындағы мұражайда белгілі қазақ суретшісі Әбілхан Қастеев шығармаларынан көрме ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдегі Абай атындағы  мұражайда белгілі қазақ суретшісі Әбілхан Қастеев шығармаларынан көрме ашылды

Семейдегі Абай атындағы мұражайда белгілі қазақ суретшісі Әбілхан Қастеев шығармаларынан көрме ашылды

[wpcode id="1694287"] Семейдегі Абай атындағы мұражайда белгілі қазақ суретшісі Әбілхан Қастеевтің көрмесі ашылды. Бұл туралы KZ-today тіл

  • 26 Наурыз 2004
  • 2030
Фото - Caravan.kz


Семейдегі Абай атындағы мұражайда белгілі қазақ суретшісі Әбілхан Қастеевтің көрмесі ашылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мұражайдың ғылыми қызметкері Мейрамгүл Қайранбаева хабарлады. Оның айтуынша, «биыл туғанына 100 толған Ә.Қастеев Абай тақырыбына тұңғыш рет қыл қалам тартқан суретші. Оның шығармалары өзіндік бояуымен, мазмұнымен, қарапайымдығымен ерекшеленеді». «Жас Абай», «Қоңыр әулие», «Шыңғыстаудағы жаз» туындыларымен бірге басқа да суреттері ұлы ақын шығармаларымен үндесе суретші қиялынан туған. Даралығымен, дарындылығымен қазақ өнерінде өзіндік орны бар қыл қалам шебері Әбілхан Қастеевің еңбектері әлі талай ұрпаққа жол сілтеп, үлгі-өнеге көрсетеді. Көрмеге келген жас суретшілер осыған сенімді.

Соңғы жаңалықтар