“Сен маған бала таппай-ақ қойшы, құбыжық болып көрінесің” Индира Расылхан бірінші күйеуінің қалай қорлағанын айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Сен маған бала таппай-ақ қойшы, құбыжық болып көрінесің” Индира Расылхан бірінші күйеуінің қалай қорлағанын айтып берді

“Сен маған бала таппай-ақ қойшы, құбыжық болып көрінесің” Индира Расылхан бірінші күйеуінің қалай қорлағанын айтып берді


Танымал әнші Индира Расылхан "Менің өмірім" бағдарламасына сұқбат берді.
Өзінен 12 жас үлкен бірінші күйеуінен көрген қорлығын айтып берді.

  • 10 Қыркүйек 2021
  • 2452
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

18 жасында өнердегі танымал кісімен көңіл қосқан әнші аяғы ауыр кезінде қалай жалғыз қалғанын еске алды.

Оның айтуынша, жолдасы оның аяғы ауыр екендігіне қарамастан, үйінен қуып жіберген.

Сонда да, Индира бірінші күйеуінің кім екенін елге жария ете алмайтынын жеткізді.

"Менің айтпауымның себебі, мен өзім ер адамдарды сыйлап қалғанын адаммын. Қанша дегенмен халықтың алдында жүр. Менің ашуым да, ызам да, жек көруімнің барлығы да айтып тастауға тұрарлықтай адам", — дейді ол. 

"Аты-жөнін айтпаймын. Ер басын төмендеткім келмейді. Халықтың алдына шыққан кезде қолымен түртіп айтпасыншы деп ер басын құрметтедім, "сенікі дұрыс емес" демесін, ауыр сөз естіп қалмасыншы мен үшін деп ойлаймын", — дейді әнші.
Әншінің айтуынша, қазіргі таңда егіз қыздары әкесімен араласпайды екен.

"Бір айлығында көрді. Келмеген, көрмеген, көрем демеген де. Аяғым ауыр кезде өзі қуып жіберді ғой. Аяғы ауыр әйелді үйден жетектеп шығарып жіберу деген қандай қатігездік. Ол кез өтті ғой. Сол кезде бұл бір бітпейтін шырмауық сияқты боп көрінетін. Ол адамды неше жыл кінәладым. Жан тәніммен жек көрген, жақсы көріп сағынған кезім болды. Қанша дегенмен күйеуім ғой. Күйеуім деген аты болды. Бірақ қазір менің оған жаным ашиды. Сол үшін алдына барған кездерім де болды.

"Сен ақыретте қиналып қалмашы, қыздарыңның бар екенін білші", деп. "Тек қана маңдайларынан сипасаң болды" дедім. "Мен үйге әкетіп, бағайын ба? Баға алмай жатырсың ба не?" деп айтқан кездері де болған. "Жоқ мен баға алмай жатқан жоқпын. Мен сен қнилап қалмасын деп жаным ашып отырмын" дедім", — деді ол.

"Бұрын менен 12 жас үлкен болғандықтан, ол бүкіл нәрсенің барлығын дұрыс жасайды деп ойлайтынмын. "Маған дұрыс бағыт беретін осы" деген ой санамда қалып қойған. Кейін онымен кездескеннен кейін, "осыншама ақымақ болар ма едің",- деп ойладым.


 

Расында да ақыл жасқа байланысты емес екен. Мен жас болғандықтан сөйтіп ойлағам. Ол менен ақылды, ол шешімнің барлығын біледі. Ақыл айтып, әңгімесіне бірнәрсе қосуға да ыңғайсызданатынмын.

"Сен маған бала таппай-ақ қойшы, сенен туған бала маған керек емес", дейтін. Талай аяғына жығылған кездерім де болды. "Кетпеші мені тастамашы" деп. Талай жылаған кездерім де болды. Ер адамды баламен ұстау мүмкін емес екеніне көзім жетті.
Ер адамға әйел жақсы болса, бала да жақсы болады екен. Сол үшін мен оған керек емес болдым. Не өзгерткенін білмеймін. Ұрған кезде "мен сені өлтіріп қоймай түрған кезде, ішіңдегі балаларға зиян тимей тұрған кезде кетші, сен маған құбыжық болып көрінесің" дейтін", — дейді ол.

 

Соңғы жаңалықтар