«Сендей әйел жалғыз қалмауы керек, теңіңді тап» Айгүл Иманбаеваның ұлы анасына рұхсат берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Сендей әйел жалғыз қалмауы керек, теңіңді тап» Айгүл Иманбаеваның ұлы анасына рұхсат берді

«Сендей әйел жалғыз қалмауы керек, теңіңді тап» Айгүл Иманбаеваның ұлы анасына рұхсат берді

Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева 2021 жылы тұрмысқа шығатындығын мәлімдеді.

  • 28 Сәуiр 2021
  • 172
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Ең алғашқы" бағдарламасында айтты деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Әнші осы уақытқа дейін тұрмысқа шығуға қарсы болып келген көрінеді.

"Шынымды айтсам ұлым туылғаннан кейін, сол өскенше мен еркек атаулыға қарамадым. Миыма блок қойып тастаған болатынмын. Ұлым ренжісе, қызғанса, ұялса не болады? -деген ойлар мазалай беретін болды. Оның үстіне әкеммен ара-қатынасым нашар болды, Сабитпен ажырасқан кезім, ұлым енді өсіп келе жатыр. Жалпы өз-өзіме шектеу қойып келдім. "әке жолы" фильмінен соң балам маған жазды "Мама сендей әйел жалғыз болмау керек. Өз теңіңді тапшы. Сен бақытты болу керексің. Шын жүрегіммен тілеймін. Сенің қасыңда ер азаматың болуы керек- деген хат келгенде, тоқтамай бір тәулік жылаған шығармын. Өйткені мен ұлымды олай айтады деп ойлаған жоқпын. Тереңінен түсініп, мені ойлағаны жүрегімді қатты елжіретті. Менде айттым сен шын жүрегіңмен  қалап, маған рұхсатыңды берсең, онда менің жолым ашылады" — дедім." —дейді әнші.


 

Соңғы жаңалықтар