Атышулы продюсердің қызы үшінші жүктілікке қатысты отбасылық құпиясын ашты, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
Продюсердің қызы өзін «бала туа бересің бе» деп сөккендерге әрі бала күтішусінің көмегімен бала әкеліңдер деп үгіттейтіндерге жауап берді.
«Бала күтушісі бар әйелдің еңбегін жоққа шығаруды қойыңыздар. Үйде ондай адам болса да, балалардың күтімі, тәрбиесі, үйдің шаруасы сияқты дүниелерді сіз үшін ешкім істеп бермейді. Әрине, бала күтушілер көмектеседі, бірақ олар жұмысқа келіп, кететін адамдар. Сосын кейбіреулердің «оның бала күтушісі бар, әрине қанша бала әкелсе болады» деген ұйғарымды қойыңыздар, сіздерге балап тап, ту деп отырған ешкім жоқ. Әр бала мен оның қаржылық, материалдық жағдайын жасау — әр адамның өзінің жауапкершілігі», — деп жазды Айсәуле Бақытбек.