Ол ауруханаға жатуға мәжбүр болғанын айтты, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Актриса балаларын тастайтын адам жоқ екенін, сол себепті Алматыдан әпкесін шақыртқанын атап өтті.
«Палатаға келдім, УЗИ түсіп келдім… Укол салып, КТ-ға алып кетеді. Алматыдан үлкен әпкем келді, әпкеммен бірге балаларды тастап кеттім. Ауруханаға жататынымды білгеннен кейін, әйтпесе балаларымды тастайтын адам болмады. Маманы білесіздер, үйде жоқ. Сенімді адам керек болды, сенімді ол менің туған бауырым, үлкен әпкем. Алдағы уақытта аман-есен осы ауруханадан шыққаннан кейін көрсетемін, таныстырамын. Әзірге мендегі жағдай бірқалыпты», — деп түсіндірді актриса.