"Шай ішсең, рахмет дейсің": Актер "Тука" өзінің қолындағы келіні туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+33 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шай ішсең, рахмет дейсің": Актер "Тука" өзінің қолындағы келіні туралы

"Шай ішсең, рахмет дейсің": Актер "Тука" өзінің қолындағы келіні туралы

Танымал актер Нұржан Төлендиев келінді болып, тойын шырайлы Шымкентте дүркіретіп атап өткен болатын.

  • 9 Маусым
  • 149
Instagram/ khabartv

Ол алғаш рет қайын ата болудың қызығымен бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол Хабар телеарнасындағы «Қызық Times» бағдарламасында айтты.

«Двойной ата, қызымнан немерем бар, жақында ұлым үйленді. Келін түсіргелі жатырмыз, бірінші рет қой енді. Ал мен ұйқыбаспын негізі. Сөйтіп екінші қабаттан түсіп бара жатсам, келінім сәлем салды, сөйтсем мен: «Рахмет» дегем ғой.

Сөйтсем «көп жаса» деу керек еді. Бастарыңа келсін.

Күшті болып қалды бірақ үйде, келіншегіме сіз деп сөйлеп, ой айналайындар деген әңгіме кетіп. Шай ішіп болсаң, рахмет деп тұрып кетесің. Шортымен жүрмейміз, бәрі қалды, театр театрымен, үйде кәдімгі әкемін ғой» деп күлді әзілкеш.