«Шал» кинокартинасының фестивальдік тағдыры 2013 жылы басталмақ
Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмі ақпан айында Германияда өтетін Берлин кинофестиваліне қатысуы мүмкін. Бұл туралы режиссер бүгін Алматыда кинокартинаның DVD дискісінің таныстырылымында айтты. |
«Біз «Шал» кинофильмін алдымен өз елімізде прокаттауды жоспарладық. Оның фестивальдік тағдыры 2013 жылы басталады. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның президенті Ермек Аманшаевпен ауызша келісіміміз бар. Оны халықаралық кинофестивальдерге жылжытудың стратегиясы жасалады. Біз «Жаужүрек мың баланың» ізімен жүретін боламыз», - дейді Е. Аманшаев. Фестивальдерге қатысу аса маңызды емес екенін айтқан режиссер, оны түсірген кезде ең алдымен қазақстандықтардың көруін қалаған көрінеді. Дегенмен, мүмкіндік болып жатса, онда да өз бағын сынаудан үмітті. «Қазақфильмнің» даму жөніндегі басқарушы директоры Ілияс Ахметтің сөзіне қарағанда, заманауи қазақ кинокартинасына Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» фильмі заманауи әлемге жаңа жол ашты. Ондағы байланыс пен тәжірибе енді өзге туындыларда пайдаланылатын болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін