Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» драмасының қазақстандық нұсқасы түсірілуде
![]() |
Жақын уақытта телеарналар экранына Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» драмасының қазақстандық нұсқасы шығады. |
Онда басты әйел рөлін актриса және әнші Әсел Сәдуақасова сомдады. Бұл туралы «Экспресс К» газеті жазды (авторы Ольга Храбрых, «Казахская Джульетта»).
Картина жас режиссер Самат Сұлтанның алғашқы туындысы. Лента сюжеті египеттік пирамидалар секілді мәңгілік бірдей. Дәулетті отбасыдан шыққан бойжеткен кедей жігітке ғашық болады, олар ата-аналарына, қоғамға және жағдайларға бірге төтеп береді. Түсірілімдер тамыз айында басталды және бүгінгі күні аяқталуға жақын. Фильмге саундтрек жазып, оның негізінде бейнебаян түсіру көзделуде.
Картина Алматыда және Шымкентте түсірілді. Әселдің «ғашығы» Самат Сұлтанның өзі болды. Арудың ата-аналарын Бахыт Шадаева мен Бахтияр Қожа, жігіттің анасының рөлін Гүлнәр Дұсматова ойнады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін